Коммунальное государственное учреждение
"Гимназия №79"
Управления образования города Алматы
Телефон приемного:
+7(727) 375-99-47
Телефон бухгалтерия:
+7(727) 375-99-48 (120)
eOtinish.kz
Версия
для слабовидящих
18
декабрь
2024

Пост-релиз

2024 жылдың 18 желтоқсанында Алматы қаласының №79 гимназиясында білім беру ұйымдары арасында үздіксіз білім алмасуды қамтамасыз ету мақсатында Алматы қаласы мен Оңтүстік Кореяның Чолла-Намдо провинциясы білім беру ұйымдары арасында ынтымақтастық туралы келісім жасасу аясында Алматы қаласы Білім басқармасының қолдауымен «№79 гимназияның білім беру қызметінің ерекшеліктері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға Алмалы ауданы білім бөлімінің меңгерушісі Қойшыбаева З.К., Чолла-Намдо провинциясы білім басқармасының өкілдері, мұғалімдер мен гимназия директоры Цай Р.А. қатысты.

Пост-релиз
Шара барысында қатысушылар мектеп ұжымының жұмысымен жақынырақ танысуға мүмкіндік алды. Ерекше назар мектептің картография жүргізу мен әлеуметтік паспортын әзірлеу бағыттарына және ұжым мақтан тұтатын оқушылар жетістіктеріне аударылды. Физика пәнінің мұғалімі Серікбаева А.Р. оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту тәжірибесімен бөлісті. Ол оқушыларының ғылыми жобалардағы жетістіктерін көрсетті, олардың көпшілігі беделді байқаулар мен конференцияларда жүлделі орындарға ие болған.

Сонымен қатар, гимназияның басқарушы командасы әзірлеген «Интерактив» білім беру бағдарламасы ерекше қызығушылық тудырды. Бұл бағдарлама жоғары сынып оқушыларына болашақ мамандығын анықтауға ғана емес, сонымен қатар педагогикалық қызметті белсенді насихаттауға, оны түлектер үшін тартымды етуге көмектеседі.

30 жылдан бері гимназияда сәтті жұмыс істеп келе жатқан музыка бөлімі оның мақтанышы болып табылады. Бөлімнің нағыз жауһары – халықаралық конкурстардың лауреаты және I қалалық хор ұжымдары байқауының жеңімпазы «Бәйтерек» хоры. Байысбаева Е.А. жетекшілік ететін хор іс-шарада өз шеберлігін тағы бір рет көрсетіп, қонақтардың қызу қошеметіне ие болды. Сонымен қатар, 11-сынып оқушысы Даниил Юнның қазақ және корей тілдерінде ән орындауы ерекше әсер қалдырды. Сагиндықова О.В. жетекшілік ететін қонақтарды қарсы алған домбырашылар ансамблі қатысушылардың алғашқы жағымды таңданысына себеп болды.


10–11 сынып оқушылары Жирякова Полина, Де Яна, Васильев Егор және Ким Алина қонақтар үшін мектеп бойынша экскурсия ұйымдастырды. Оқушылар экскурсияны корей және ағылшын тілдерінде өткізді, бұл қатысушыларға ерекше әсер қалдырды. Оқушылардың өздеріне деген сенімділігі, материалды білуі және тілдік дағдылары гимназия оқушыларының жоғары деңгейлі дайындығының жарқын мысалы болды.
Шетелдік қонақтар педагогикалық ұжымның кәсібилігін ғана атап қоймай, гимназияның көптеген білім беру бастамаларына қызығушылық білдірді. Олар сонымен қатар гимназия оқушыларының жан-жақты дамығанына тәнті болды.
Іс-шара тәжірибе алмасуға және білім беру саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға арналған маңызды алаң болды.