Коммунальное государственное учреждение
"Гимназия №79"
Управления образования города Алматы
Телефон приемного:
+7(727) 375-99-47
Телефон бухгалтерия:
+7(727) 375-99-48 (120)
eOtinish.kz
Версия
для слабовидящих
30
декабрь
2024

Үйде оқыту


                   Үйде оқыту – бала үйде алатын білім беру түрі, оқу процесі жеке оқу жоспары бойынша жүзеге асырылады. Медициналық себептер бойынша тікелей білім беру ұйымында оқи алмайтын балаларға ұсынылады. 

Үйде жеке оқытудың міндеті – оқушылардың мемлекеттік білім беру стандарты шеңберінде білім беру бағдарламаларын меңгеруі немесе ақыл-ой кемістігі бар (1 немесе 2 типті) балаларға арналған арнайы (түзету) мектебінің бағдарламаларын меңгеруі. Үйде жеке оқытудың нормативтік-құқықтық базасы оқу процесін ұйымдастырудың жалпы ережелерін, білім беру процесіне қатысушылардың құқықтары мен міндеттерін анықтайды.

         Үйде жеке оқытуды ұйымдастыру келесі нормативті құжаттармен негізделеді:

• Қазақстан Республикасы Білім министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы №348 бұйрығымен бекітілген «Негізгі орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты» (№ 3 қосымша, 23.09.2022 ж. №406 өзгертулер мен толықтырулар енгізілді); 

• Қазақстан Республикасы Білім министрінің 2022 жылғы 31 тамыздағы №385 бұйрығымен бекітілген «Білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары»;

• Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы №500 бұйрығымен бекітілген «Негізгі орта білімнің үлгілік оқу жоспарлары» (өзгертулер мен толықтырулармен 12.08.2022 ж. №365; өзгертулер мен толықтырулармен 2022 жылғы 30 қыркүйектегі №412, №56 қосымша);

• Қазақстан Республикасы Білім министрінің 2022 жылғы 16 қыркүйектегі №399 бұйрығымен бекітілген «Жалпы білім беретін пәндер мен негізгі орта білім деңгейін таңдау курстары бойынша үлгілік оқу жоспарлары» (өзгертулер мен толықтырулармен 21.11.2022 ж. №467);

• «Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № 76 бұйрығы.

• дәрігерлік консультативтік комиссия қорытындысы

• ата-ананың өтініші



Үйде жеке оқытуды ұйымдастыру

         Үйде жеке оқытуды жалпы білім беретін және түзеу ұйымдарының барлық түрлерінде ұйымдастыруға болады.

Үйде жеке оқытуды ұйымдастыру, ата-ананың білім беру ұйымы директорының атына жазбаша өтініші, сондай-ақ медициналық анықтама негізінде болып табылады. Олардың негізінде үйде жеке оқыту туралы мектеп директорының бұйрығы шығарылады.


Балалардың ата-аналары (заңды өкілдері) міндетті:

• мектептің жергілікті ережелерінде көрсетілген білім беру ұйымының талаптарын орындауға;

• баланың білім беру, дамыту және әлеуметтену мақсатында арнайы техникалық құралдарды пайдалануға қызығушылығын қолдау және ынталандыру;

• мұғалімге дәрігердің арнайы техникалық құралдарды қолдану жөніндегі ұсыныстары, баланың күнделікті тәртібінің ерекшеліктері туралы, ал білім беру ұйымына сабақты тоқтату немесе қайта бастау туралы (дәлелді себептермен) дереу хабарлауға;

• бала мен мұғалімнің үйде сабақ өткізуі үшін оңтайлы еңбек жағдайын жасау;

• арнайы техникалық құралдарды пайдалана отырып, күнделік жүргізуді және үй тапсырмасын орындауды бақылау.